7 қазан күні өткен Үкімет отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі іске қосылғаннан бері жалған көрсеткіштердің саны 17 есе азайғанын хабарлады.
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің басшылығымен өткен Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғыртуға қатысты сұрақтар талқыланды.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов өз баяндамасында барлық бизнес-процестердің түбегейлі қайта құрылуы, автоматтандырылуы және тиімділігін арттыру шаралары туралы баяндады.
«Қорды трансформациялаудың мақсаты субъективтілікті болдырмау үшін сандық тосқауыл орнатуға бағытталған. Біріншіден, біз қызметкерлердің біржақты шешім қабылдау мүмкіндігін жою үшін қатаң және көпсатылы бақылау жүйесін енгізуге ұмтыламыз. Екіншіден, топпен шешім қабылданып, жеке жауапкершілік қарастырылмайтын ұжымдық жауапсыздық қағидатын барынша азайту қажет. Сонымен бірге басты міндет – қабылданатын барлық шешімдердің негізділігін толық әрі үздіксіз бақылау мүмкіндігін енгізу, әсіресе медициналық қызметтердің көлемін бөлу мен сатып алу кезінде процестің толық ашықтығын қамтамасыз ету», – деді ол.
Өткен жылдан бері Қор негізгі процестердің толық цифрландырылуын жүзеге асыруда. 1 шілдеден бастап бақылау жүйесі сынақ режимінде іске қосылды. Нәтижесінде, автоматты түрде ақауларды анықтаудың дәлдігі 4 есе артты.
«Ең маңыздысы – үдеріске адамдар ықпал ете алмайды (эксперттер мен филиалдар), бұл тексерулердің объективтілігін қамтамасыз етті. Экстерриториалдық қарау принциптері енгізілді және Қор қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмау үшін жалған көрсеткіштерді автоматты түрде анықтау жүйесі іске қосылды», – деп атап өтті Айдын Құлсейітов.
Бақылау сапасын арттыру мақсатында Қор жалған жазбаларды және басқа да ақауларды анықтау алгоритмдерін үздіксіз жетілдіруді жоспарлап отыр. Спикер атап өткендей, осы жылдың қыркүйек айында тек үш жаңа формалды-логикалық бақылауды енгізу 502 миллион теңгені құрайтын бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Қазір формалды-логикалық бақылау жиынтығын кеңейту жұмысы жалғасуда.
Жаңа мониторинг жүйесін енгізгеннен кейін жалған жазбаларды анықтау көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 19 есе өсті (бұрын олардың басым бөлігі Қордың бақылауынан тыс қалып келді). Бұдан бөлек, жүйе іске қосылғаннан бері жалған жазбалардың саны 17 есе азайды.
«Қордың автоматтандырылған бақылау жүйесі медициналық ұйымдардағы тәртіпті қалай жедел арттырғанын айқын көрсетеді. Маусым айында пилоттық режимдегі жалған жазбалары бар медицина ұйымдарының үлесі 44% болса, тамыз айына қарай бұл көрсеткіш 18%-ға дейін күрт төмендеді. Әсіресе ірі бұзушылықтар санатындағы нәтижеге зер салсақ, маусымда 43 ұйым 200 АЕК-тен асатын жалған тіркеулерге жол берсе, тамызда олардың саны нөлге дейін қысқарды. Бұл динамика цифрлық мониторингтің бұзушылықтарды болдырмау мен қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етудегі ең тиімді құрал екенін көрсетеді. Нәтижесінде бұл шаралар халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін тікелей арттырады», – деді Қор басшысы.
Сонымен қатар Қордың жоспарлау, сатып алу және медициналық қызметтерді төлеу процестерін трансформациялаумен қатар жұмыс істеп жатқандығы да атап өтілді.

07.10.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
Қазақстан денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуде
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ денсаулық сақтауды қаржыландыруды мемлекеттік басқарудың жаңа моделіне көшуге дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады.
Жүргізіліп жатқан
трансформация мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру, денсаулық
сақтау...
08.07.2026
БАНКТЕРДІҢ МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРЫНДАҒЫ PUSH-ХАБАРЛАМАЛАРДАН КЕЙІН 835 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламалар жіберу жолымен азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі мәртебесі туралы хабардар ету сервисінің жұмыс нәтижелеріне талдау жүргізді.
02.07.2026
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСТІҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН ҚҰРАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Кездесу Медицина қызметкерлері күні қарсаңында ұйымдастырылып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
23.06.2026